ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ АРТТЫРАДЫ

16.png     

  Конституциялық реформаның маңызды жаңалықтарының біріүкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) шетелдік қаржыландыруды ашық көрсету міндетін Негізгі заң деңгейінде бекіту. Ал жаңа нормаға сәйкес, шетелдік көздерден алынатын қаражат пен активтердің қозғалысы туралы ақпарат ашық түрде жариялануы тиіс.

Осы арқылы қаржылық ашықтықтың бірыңғай конституциялық стандарты енгізіледі. Яғни қоғамдық ұйымдардың қызметі тек құқықтық емес, сонымен бірге қаржылық тұрғыдан да түсінікті әрі тексерілетін болады.
       
Бұл талаптың негізгі мақсатыішкі қоғамдық-саяси процестерге жасырын сыртқы ықпалдың алдын алу. Қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысатын ұйымдардың қаржыландыру көздері айқын болған жағдайда, азаматтар олардың қызметін объективті бағалай алады. Нәтижесінде қоғамдық сенім артады.
Сонымен қатар норма халықаралық ынтымақтастықтың заңды түрлерін шектемейді. ҮЕҰ шетелдік серіктестермен жұмысын жалғастыра алады, алайда ол ашықтық қағидатына негізделеді.             

Мемлекет үшін бұлақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық айқындықты қамтамасыз ету тетігі. Қоғам үшіншынайы деректерге сүйеніп пікір қалыптастыру мүмкіндігі. Ал ҮЕҰ үшінсенімділік деңгейін арттыру құралы.
       
Осылайша шетелдік қаржыландыруды жария ету жөніндегі конституциялық талап азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара сеніміне негізделген ашық әрі жауапты қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Ғалия ЖҮСІПОВА, қоғамдық пікір көшбасшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования
  • ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам
  • 17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға
  • 17 апреля Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Реджепа Тайипа Эрдогана по
  • Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Анталию