ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

image.png      

Енді адам кінәсі сотта дәлелденгенге дейін кінәсіз деп танылады деген қағида тек сот процесіне ғана қатысты емес, барлық құқықтық қатынастарға таралады. Яғни азамат кез келген жағдайда алдымен адал ниетті тұлға ретінде қарастырылуы тиіс.
Бұл норма мемлекеттік органдар мен қоғам үшін маңызды құқықтық бағдар береді. Кез келген айыптау нақты дәлелдерге негізделуі қажет, ал күмән адамның пайдасына шешіледі.Осы арқылы құқық қолдану тәжірибесінде әділдік қағидаты күшейеді.

Кінәсіздік презумпциясының негізгі құқықтар қатарына енгізілуі азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қорғауды күшейтеді. Адамға қатысты ақпараттық немесе әкімшілік қысым жасау тәуекелі азаяды, ал құқықтық бағалау тек заңды рәсім арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде бұл өзгеріс құқықтық мәдениеттің жаңа деңгейін қалыптастырады: мемлекет те, қоғам да адамды айыпталған тұлға емес, құқық субъектісі ретінде қабылдайды.
          
Осылайша кінәсіздік презумпциясын негізгі құқықтар деңгейінде бекіту — әділ сот пен құқықтық мемлекеттің берік іргетасын нығайтатын маңызды конституциялық қадам.

                 Амангелді ҚАЛИЯҚБАРОВ, зейнеткер


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите