
23 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде аудандық прокуратураның бастамасымен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде жоғары сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында «Тәртіпті өзіңнен баста» атты тақырыпта іс-шара өтті.
«Заң мен тәртіп» жобасы – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеуге және тәртіпті өмір салтының маңызын түсіну мақсатында ұйымдастырылған іс - шараға аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов, аудандық полиция бөлімінің ардагері Бауыржан Асанов, аудан прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Нұрмұхаметов, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қайнар Раушанов, аудандық полиция бөлімі құқық қорғау бөлімінің Тұрмыстық отбасылық зорлық – зомбы-лықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Махаббат Әбдікерімова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Мария Сабирова қатысты.
Жиынның жүргізу тізгінін өз қолына алған аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кә-мелетке толмағандардың іс-тері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Данияр Болатұлы 2025 жылы бірқатар заң бұзушылықтардың орын алғанын және заң бұзған тұлғаларға 127 бап бойынша хаттамалар толтырылғанын айтып, күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында өз ойын ортаға салып, қонақтарға сөз кезегін беріп отырды.
Сөз кезегін алған заң саласының мамандары аудан көлемінде заң мен тәртіпті сақтау мәселелері әрдайым өзекті екенін айтып, жастарға бірінші кезекте қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңның алатын орны мен маңызы жөнінде тереңірек мағұлматтар беріп, заң қағидаларын түсіндіріп, Заң мен Тәртіп - жарқын болашақтың кепілі екенін тілге тиек етті.
Жиында жасөспірімдер де баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Кезкелген қоғамның тұрақ-тылығы мен елдің іргесінің берік болуы ең алдымен заңның үстемдігіне тікелей байланыс-ты. Ал әділет салтанат құрған жерде ғана сенім бекиді. Сенімі мықты елдің ертеңі де жарқын болатыны сөзсіз. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына заңға құрмет сезімін сіңіру – бүгінгі күннің басты міндетінің біріне айналып отыр. Жастардың заң қағидаларының мән-мағынасын терең түсінуі әрі іс жүзінде орындалуына атсалысуы қоғамның да демократиялық бағытта алға жылжуына тың серпін беретіні ақиқат.
Осылайша «Заң мен Тәртіп» тақырыбында өткен бұл тағылымды кездесу жастардың санасына азда болса заң үстемдігін қалыптастырды деп сенеміз және олардың бұл бағытта тәртіпке қашанда бағынуға тиіс екендіктерін ұғынды деп білеміз.
Шара барысында жастарға бірінші кезекте қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңның алатын орны мен маңызы жөнінде тереңірек танысуына мүмкіндік болды. Құқық қорғау органдары өз салаларындағы заң қағидалары жөнінде тағылымы мол мәліметтер ұсынды.
Өз тілшімізден.


