Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының кепілдіктері

фф.png

Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының кепілдіктері 

бұрынғы көлемде сақталатыны – қоғам үшін маңызды және оң жаңалық. Мәжіліс депутаты Никита

 Шаталов атап өткендей, Конституцияның 18 және 32-баптарына енгізілетін түзетулер тек редакциялық

 сипатта болып, осы құқықтардың мәнін өзгертпейді.


Бұл түзетулер арқылы бұрынғы нормалар нақты және айқын етіліп, қоғамда екіұдай түсінік туындауын

 болдырмау көзделген. Жаңа шектеулер енгізілмейді, тек қолданыстағы құқықтық баланс дәлелді және 

түсінікті түрде ресімделеді. Мұндай шаралар азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын

 қорғауға қосымша кепілдік береді, әрі сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының тұрақтылығын 

қамтамасыз етеді.


Бұл қадам Конституциялық реформаның ашықтығы мен әділеттілігін көрсетеді, сондай-ақ азаматтық 

қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға үлес қосады.


Жастар белсендісі - Сымбат Нұрпейіс


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите