️Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

арорао.png

Қазіргі уақытта Жұмыс тобының мүшелерінен бөлек, азаматтардан екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін ерекше атап өткен жөн. 


Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы, сондай-ақ бірнеше айға ұласқан пікірталастар барысында қалыптасқан ауқымды қоғамдық сұранысқа берілген жауап болды. 


Президент ұсынған мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке – Құрылтайға өткізу, Халық кеңесін құру, Вице-Президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелер жан-жақты әрі кешенді түрде зерделеп, пысықтауды қажет етеді.


Қазақстан Республикасы саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Мемлекет басшысы әрі қарайғы дамудың институционалдық тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, тежемелік тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық механизмдерді жаңарту арқылы ғана мүмкін екенін айқын атап көрсетті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Прокуратура Алматинской области заблокировала свыше 500 фейковых объявлений
  • Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады
  • Алкогольдан аулақ болыңыз!
  • Жаңа Конституция – дамуға жол ашады
  • ???????????????? *Глава государства выступил на круглом столе «Казахстан – ЕС»*