
Бақыт Сқабаев, Балқаш аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы.
Сыр елінде өткен Құрылтайдан соң іле-шала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны
(Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойғанын естіп, қуанып жатырмыз.
Аталмыш Жарлықта Мемлекет басшысы: «Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді. Олар Конституциямыздың
кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.
Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға
да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет. Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы
билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де
еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!» - деді.
Тарихи Жарлықта Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін жасалынған көптеген бастамалар бар екеніне куә болып отырмыз. Президенттің жоғарыдағы айтқан бұл бастамасын бірауыздан қолдаймыз!


