«Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді.

55.png

Мемлекет басшысы: 


«Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді.


 Олар Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударды.  


Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.


Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның 

өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі.


Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке

 сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. 


Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен 

жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін.


Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс 

Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет.


Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау 

арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. 


Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!». 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аида Балаева: Конституция гарантирует свободу слова и запрещает цензуру
  • Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность
  • Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ
  • 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут следить за референдумом в Казахста
  • Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болады