2025 жылдың IV тоқсанында кірістері мен мүлкі туралы декларация

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органы болып табылады.

Департамент Ережеге сәйкес белгіленген құзыреттілік шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысаны)  ұсынады.

Департаментпен Заңның 20-бабы 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау барысында, Алматы облысы бойынша 19 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларын орындайтын тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларациялары (270.00 нысаны)  ұсынылмағаны анықталды.

Нәтижесінде, Алматы облысында орналасқан квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларын орындайтын 19 тұлға (оның ішінде тұрғылықты мекен-жайы тіркелген Алматы облысында - 11 тұлға, Алматы қаласында – 5 тұлға, Жамбыл облысында – 1 тұлға және Жетісу облысында – 1 тұлға) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Т. Т. Батырбаев

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2025 жылдың IV тоқсанында кірістері мен мүлкі туралы декларация
  • «Недаром в народе говорят – всему свое время.
  • «Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді.
  • «Халық Кеңесі должен получить право законодательной инициативы, что, конечно, значительно усилит его
  • «Ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болды.