
2025 жылғы 22 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» - атты қорытынды жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – аудан көлемінде экологиялық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, жауапты мекемелер мен ауылдық округтердің тәжірибесін саралау және белсенді қатысушыларды ынталандыру болды.
Жиын барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы - Төлепберген Қуаныш, Бірлік ауылдық округінің әкімі - Алтынбай Самат Алтынбайұлы және жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрпейіс Сымбат баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар бойынша слайдтық таныстырылым көрсетілді.
Қорытынды жиын барысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқан ауылдық округтер мен белсенді ұжымдар марапатталды. Атап айтқанда, I орын – Бірлік ауылдық округінің әкімдігіне, II орын – Көктал ауылдық округінің әкімдігіне, III орын – Құйған ауылдық округінің әкімдігіне табысталды. Сондай-ақ экологиялық шараларға белсене қатысқан Белсенді өмір сүру орталығы Балқаш аудандық филиалы мен Ақжар ауылдық орман шаруашылығына алғыс хаттар берілді.
Жиын соңында экологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық мекемелерге алғыс білдіріліп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді.
#ТазаҚазақстан


