Алматы облысында цифрлық активтер саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды

55.png

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында цифрлық активтер саласындағы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шара барысында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасары Жаманбаев Әсет цифрлық активтердің заңсыз айналымының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, уәкілетті органдар цифрлық активтерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау, қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету және заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі бақылау жүргізіп келеді.

Сондай-ақ азаматтарға цифрлық активтермен операциялар жүргізу барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтап, тек заңды түрде тіркелген және лицензияланған сервистерді пайдалану ұсынылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Адам құқығы басты назарда
  • Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!
  • ​«Полиция қызметкерімен бір күн» акциясы