Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеуге өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдерді ұсыну мерзімі 2025 жылғы 17 ақпаннан 17 мамырға дейін жалғасады.
Өңірлік нышанның маңызы мен мақсаты
Өңірлік нышан – бұл аймақтың тарихи, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін бейнелейтін ерекше белгі. Ол өңірдің бірегейлігін айқындап, тұрғындардың ортақ құндылықтарын көрсетуге бағытталған. Жобаны әзірлеу барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, геральдикалық белгілерді сақтау, сондай-ақ өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи және географиялық ерекшеліктерін ескеру басты қағидалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуге қойылатын талаптар
Нышан жобасы:
Бұрын пайдаланылмаған, өзіндік ерекшелігі бар жаңа жұмыс болуы керек;
Өңірдің даму бағытын айқындауы тиіс;
Визуалды жағынан үш өлшемді кескін немесе анық бедерлі модель түрінде жасалуы қажет;
Барлық ресми атаулар мен жазулар қазақ тілінде берілуі керек;
Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзу, плагиатқа жол берілмеуі тиіс.
Рұқсат етілген және тыйым салынған элементтер
Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ діни, рулық және тайпалық белгілерді пайдалануға тыйым салынады.
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер жоба бірнеше автордың бірлескен жұмысы ретінде ұсынылса, барлық қатысушылар оның бірлескен авторлары болып танылады.
Өтінімдерді қабылдау тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның толық сипаттамасын қамтуы тиіс.
Өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына ұсыну қажет.
???? Электронды нұсқасын zhumash.ibrayva.64@mail поштасына жолдауға болады.???? Қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
???? Ибраева Жұмаш Чиныбековна – 87773717606???? Дауренбаев Марат Өмірбекұлы – 87776883792
Барлық шығармашыл азаматтарды Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз!