Алматы облысында пластик жәшік шығаратын цех ашылды

1.JPG

    Ұйғыр ауданында алғаш рет пластик жәшік өндіретін өндірістік цех іске қосылды. Кәсіпорын қайта өңделген шикізаттан сапалы өнім жасап, жылына 600 мың дана жәшік шығаруға қауқарлы. Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге инвестиция салынып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны өнімнің беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Мұнда жәшіктер халықаралық стандарттарға сай құйылып, барлық тасымалдау және сақтау талаптары қатаң сақталады. Қазіргі өндірістік қуаты ауданның жәшікке деген қажеттілігінің 50 пайызын өтей алады.

Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жаңа құрылғылар орнатылып, жылдық өнім көлемін 1,2 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде. Бұл жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және пластик қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусизова жаңа өндірістің ашылуы өңір экономикасын дамытуға зор үлес қосатынын атап өтті.

“Бұл кәсіпорын ауданымыз үшін маңызды бастама. Біріншіден, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Екіншіден, өңіріміздегі өнеркәсіп саласы дамып, пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологияға да оң әсер етеміз. Болашақта осындай өндірістердің саны арта береді деп сенеміз”, – деді аудан әкімі.

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы Ұйғыр ауданының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жас кәсіпкерлерге үлгі болмақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства подписал Указ об объявлении 2026 года Годом цифровизации и искусственного интеллек
  • Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол
  • Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
  • Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе
  • Артық қаржыландыруды тоқтату қажет: Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды