Алматы облысында «Мұз-2025» республикалық науқаны өтуде

1.JPG

        Бұл туралы  Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы айтты. 

    Шараның мақсаты- жазатайым оқиғалардың, мұз үстінде адамдардың жарақат аулы мен өлімнің алдын алу. Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда тұрақты негізде балық аулау кезіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Төтеншеліктердің ескертуіне қарамастан ережені ескермегендерде бар екен.  

    «Жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-дейді Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы. 

    Негізгі қағида бойынша, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, мұз үтсіне шыққанда ұзындығы 12 метр арқан, құтқару шильці және ысқырық пен құтқару кеудешесі болуы шарт. 

Әр адам өз өміріне жауапты. Сондықтан ескертуді елемеу дұрыс емес.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 94–96-баптар – конституциялық өзгерістердің құқықтық негізі
  • Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: жаңа технологиялар Қазақстан статистикасын қалай өзгертуде?
  • Год цифровизации и ИИ: как новые технологии меняют статистику Казахстана
  • Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: даму, жаңғыру және болашаққа бағдар
  • ПРЕСС-РЕЛИЗ