Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев биылғы жылды - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп белгіледі.
Осы аптада «АМАNАТ» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруы-мен «АМАNАТ» - еңбек адамымен» атты жобаға қолдау көрсету мақсатында «Дәулет – Бекет» ЖШС-нің директоры, көп жылдық тәжірибесі бар «еңбек адамы» Сыдық Дәулетовпен аудандық Мәдениет үйінде кездесу өткізілді.
Алдымен аудан әкімі Азат Құтпанбетов құрметті қонақты аудан тұрғындарына таныстырып, сөз кезегін берді.
Сыдық Әбуұлы өмірден көрген бар қиыншылықтарын еске түсіріп, түйе шаруашылығын дамыту кезеңдеріндегі атқарылған жұмыстары мен толағай жетістіктері жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Жас күнінде армандаған мақсатына өзінің еңбекқор-лығының арқасында қол жеткізгенін және адал еңбекпен тапқан нанның бойға сіңімді болатынын айта келе, ел - жұртқа үлгі болатындай атқарған жұмыстарының нәтижесінде көптеген марапаттар алғанын айтты. Сол алған марапаттардың ішінде «Құрмет», «Парасат» ордендерін алған сәттерге тоқталды.
«Еңбек адамы» өзінің шаруашылығында түйелердің қалай өсіп - өніп жатқанын және сүт өнімдерін дайындайтын зауытта бірнеше адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын және дайындалған өнімдерді шет мемлекеттерге экспорттап жүргенін айтты.
Әңгіме кейіпкері қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, Іле аудандық мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаты болған. Қайырымдылық іс ретінде Ақши ауылындағы мектеп, балабақшаға демеушілік жасап, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесіп, бірнеше көпбала-лы аналарға тұрғын үй алып берген.
Аудан тұрғындары еңбектің қара қазанын қайнатып жүрген Сыдық Әбуұлына ризашылық-тарын білдіріп, еңбегіне толағай табыстар тіледі.
Кешті қорытындылаған «АМАNАТ» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жұмашұлы адамға ерекше күш – жігер беретін игі шараның қазақтың біртуар перзенті, нағыз «Еңбек адамының» үлгісі болған Д.А.Қонаевтың Атамекенінен бастау алғанын жақсылыққа балап, мұндай кездесулер облыс көлеміндегі аудандарда өз жалғасын табатынын айтты.
Өз тілшімізден.