Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Балқаш ауданында қоғамдық ұйымдардың қатысуымен - «Таза ақыл – таза орта» - атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны тазалап, оны әдемі әрі таза ету.
Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, ақсақалдар мен жастар белсенді түрде қатысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сқабаев Бақыт Сқабайұлы сөз сөйледі.
- «Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасына бір жыл толады, осы уақыт аралығында бірлесіп бірқатар жұмыстар атқардық. Қазақта «Бірігіп көтерген жүк жеңіл»-деген асыл сөз бар. Сондықтан, алдағы уақытта да бірлесіп, табиғатымызды қорғау бағытындағы игі шаралар жалғасатынына сенімдімін», — деп атап өтті Бақыт Сқабайұлы.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін, атап айтқанда ауаның, судың және топырақтың ластануын, сондай-ақ осы мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Эко-білім беруді дамыту, сенбіліктер өткізу және аумақтарды көгалдандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар осы бастамаларға белсенді түрде қатысуға және табиғат пен қоғам игілігі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді