заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі

06028fa1-99bd-45e6-b754-23f3bd7d6cc6.jpg

        Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» - атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады.

    Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының: «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – дегеніндей, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті, тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек. 

Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда көшедегі келеңсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтан бастап кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың қай түріне болмасын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізуді Президентіміз дер кезінде көтеріп отыр.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады», – деп өзекті мәселені орынды көтеріп отыр. 

    Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті.

#ҚұқықтықМәдениет

           Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Б.Сқабаев


        


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды
  • Правительство продолжит реализацию намеченных планов по стимулированию инвестиций и диверсификации
  • Алматы облысының дәрігерлері ағза трансплантациясының жай-күйін талқылады
  • Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм
  • Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет