«Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел»

b5110159-57e3-405a-9725-21b32d90d524.jpg

        Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өткен болатын. 

        Президент: «Әділетті  Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды. 

        Президент биылғы Жолдауының тоғызыншы бағытында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты бекіту қажеттігін атап өткен еді. Міне, осы атап өткен бағыт бойынша мемлекетімізде көптеген тиісті шаралар жасалып келе жатқаны білгілі. 

        Ел Президентінің пікірінше, заң мен тәртіп идеологиясы мемлекеттік жүйенің, бизнестің және әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаты болуға тиіс. Мемлекет басшысы қоғамды заң үстемдігі идеясы төңірегінде шоғырландыру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және Қазақстанның стратегиялық даму міндеттерін табысты іске асырудың негізгі факторы болатынына сенім білдірді. 

        Халық қаhарманы, жазушы, ойшыл Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» - деген. Кез келген елдің бүгіні мен ертеңі дамудың басты жетістігіне  тұрақтылық арқылы жете алады. Ал ел саяси, экономикалық, мәдени игіліктерге қол жеткізу үшін оның тұрақтылығына заңға негізделген тәртіп кепіл бола алады. Демократияныңда басты құндылығы — заң мен тәртіп.

  Ж.Алимбаева, Қоғамдық пікір көшбасшысы.

  #ЗАҢменТӘРТІП


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзіңізді жатыр мойны обырынан қорғай алу: Қазақстанда адам папилломасына қарсы вакцинациялау маңызды
  • Как защитить себя от рака шейки матки: важность вакцинации против ВПЧ в Казахстане
  • Алматы облысын газдандыру бойынша Ақпарат
  • Справка по газификации населенных пунктов
  • AMANAT партиясында мәслихат депутаттарын жауапкершілікке тарту көзделуде