Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге қатысты халықтың белсенділігі артқан

1.JPG

    Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси белсенділігі артқан.

Қоғамдық даму институтының сарапшылары 17 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қалада болып, халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Нәтижесінде 8 мыңдай адамның 64% жалпыұлттық референдумға қатысуға ниет білдірген. Институт өкілдері Ақтау қаласында энергетика саласының мамандарымен және тұрғындармен кездесті. Басқосуда «Sarap» эксперттік клубы жүргізген зерттеулердің нәтижесі талқыланып, қатысушылар елде атом электр станциясын салу жөнінде пікір алмасты.

Олжас Бейсенбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары:

АЭС-ың салуына қатысты жергілікті тәжірибелі мамандардың да пікірін білсек деген ойдамыз. Өйткені біз Алматы облысында, Солтүстік Қазақстан облысында да жергілікті тәжірибелі мамандардың пікірін естідік. Енді бүгінгі жағдайда АЭС салудағы қауіпсіздік мәселесі, экология, маман даярлау, міне осы сұрақтарға қатысты өңірлік призмадағы сұрақтарды қарастырып көрмекпіз.

Аягөз Оралбайқызы



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті
  • «Таза Қазақстан»: в Алматинской области прошла акция «Таза орта – саналы қоғам»
  • ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • М.СЕҢГІРБАЕВ МЕКТЕБІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты