АЭС салуды қолдау штабының өкілдері ақтөбеліктермен кездесті

тате.JPG

    Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен кездесті. Шығармашылық академиясында өткен шараға 250-ден аса адам қатысты. Халық қалаулылары мен ғалымдар оларға атом энергетикасының маңызы мен қажеттілігі туралы айтты. Ал Ядролық физика институтының мамандары атом электр станциясын салудағы әлемдегі озық тәжірибелер мен экология, қауіпсіздік мәселелері жөнінде мол ақпарат берді. Қазір Ақтөбе облысының өзінде электр энергиясының жартысына жуығы сырттан келеді. Сондықтан тапшылықты жою үшін энергияның баламалы көздері аса қажет дейді ғалымдар.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

10 жылдан кейін тапшылығымыз 30 процентке дейін өседі. Сондықтан қазір біз бұл мәселені мемлекетіміз, билік жан-жақты ойланып шығарып отыр. Басқа жол болмағасын шығарып отыр. Болашақты ойлайтын босла, атом электр стансасын салуға кірісуіміз керек.

Жақсыбек Кемал


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • От ожиданий к выбору: как менялись электоральные настроения казахстанцев на протяжении избирательной
  • Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
  • В Казахстане произведено 9,1 тыс. тонн чая и кофе
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан