Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару мәселесі

Аудан мен Қонаев қаласының әкімдіктері 2023 жылдан қалған және ағымдағы жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы алаңы 348,2 мың гектарды құрайтын 1246 жер учаскесіне қатысты мәселелерді белсенді түрде қарастыруда. 


Бүгінгі күні облыс аумағында мемлекет меншігіне жалпы алаңы 74,7 мың гектар болатын 272 жер учаскесі қайтарылды. Оның ішінде 31,3 мың гектарға тең 63 жер учаскесі бойынша соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды және үлгілік жалдау шарттарының күшін жою туралы шешімдер қабылданды. Бұдан басқа, ерікті негізде және басқа жолдармен 43,4 мың гектарды құрайтын 214 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.


Қазіргі уақытта соттың қарауында алаңы 21,9 мың гектар болатын 57 жер учаскесі бойынша талап арыздар орналастырылған. Осы тәртіптің іске асырылуы үшін аудан және қала әкімдіктері Жер ресурстарын басқару бөлімдерін (ЖРБД) жалпы алаңы 56,5 мың гектарды құрайтын 218 жер учаскесінің материалдарын жолдады. Бұл шаралардың мақсаты салықты 20 есеге ұлғайту жөніндегі нұсқамаларды уақытында тапсыру болып табылады.


Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау базасында мал басының тіркелгендігі расталып, алаңы 46,3 мың гектар жер учаскелері қайта пайдалануға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда ұсталып отыр. 


Алдағы уақытта осы мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін әкімдіктер түрлі шаралар қабылдап, жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр