Халықтық штаб: Мектеп қызметкерлеріне АЭС-ті қолдау бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

73d90642-14e9-40bd-beda-98c5f71143dc.jpg

    Халықтық штаб Ақдала орта мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесуде атом электр станцияларының артықшылықтары, олардың экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігі кеңінен талқыланды. Штаб мүшелері АЭС салу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтуға болатынын түсіндірді.

 «Біз АЭС салу арқылы тұрақты және сенімді энергия көзін қамтамасыз етеміз. Атом электр станцияларының көмір мен газдан артықшылығы – олардың парниктік газдарды шығармауы және экологиялық таза энергия өндіруі. Бұл біздің еліміз үшін стратегиялық маңызды қадам», – деді Халықтық штаб мүшесі.

Ұстаздар қауымы атом энергетикасының қауіпсіздік жүйелері және радиациялық қауіптерді басқару тәсілдері туралы сұрақтарын қойды. Штаб өкілдері қазіргі заманғы АЭС технологияларының қауіпсіздік деңгейі жоғары екенін және олардың экологияға тигізетін әсері минималды екенін атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕЖДУНАРОДНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «DAMDASTOUR» В ШЫМКЕНТЕ СТАЛ ЯРКИМ СОБЫТИЕМ НАУРЫЗА
  • ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
  • Жоғары деңгейде аталып өтті
  • Әсем әуен көкте қалықтады
  • Ұлттық ойындар ұлықталды