«Біз біргеміз!»

ооогнш.JPG

Жақсылық жаса жарыса!

Егемен еліміздің дамуы жолындағы жастардың еңбегі қашанда айрықша болып қала бермек. Өйткені, жастар-біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Осылайша жастарға зор сенім артқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үнемі қолдау көрсету керектігін тілге тиек етіп келеді. 

Бірақ бүгінгі таңда жалынды жастар да өз тараптарынан мемлекеттің дамуына үлес қосуға, осындай қиын-қыстау кезеңде  халыққа мейілінше қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға ұмтылуда. Оған дәлел аудандағы жас кәсіпкер, дәнекерлеуші Есеншораева Әдемі Ұланқызының  аудандық жастар ресурстық орталығы ұжымының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына демеушілік көрсетуі болып отыр. Оның ішінде азық-түлікпен және тегін бетперделермен аз қамтылған, мұқтаж отбасылар, қарияларымызға көмек көрсетілді. Ел бірлігі сыналар сын сағатта Әдемінің аудан тұрғындарына көмек қолын созуы алғашқы немесе соңғы  мәрте емес. Әрине, елім, жерім дейтін осындай жомарт жастарымыз барда еліміздің келешегі кемел болмақ. 

Әдемі Ұланқызының жасаған бұл игі ісі аудан жастарына және өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, болашаққа деген бағдаршам болса деймін. Сонымен қоса, республикаға дәнекерлеуші қыз атымен танылып үлгерген жас кәсіпкер елімізде коронавирустың таралуына байланысты қол қусырып қалмай, өзінің қиын да күрделі жұмысын зор ықыласпен жалғастыруда. Мақала жазу барысында жас кәсіпкермен бірер тілдескенімде ол аудан жастарына «Жақсылық жаса жарыса» деген сөзін арнады.   

Ауданымыз Әдемі сынды аруларымызбен қашанда мақтанады. 

Алтынай СЕЙТКЕН, «Балқаш өңірі». 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қауіпсіз жол
  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады