«Біз біргеміз!»

«Біз біргеміз!»

Өңіріміздегі жас еріктілердің бастауымен Бақанас ауылындағы бірнеше отбасы азық-түлік пен бетпердемен қамтамасыз етілген болатын-ды. Аталмыш акция аясындағы игі шара осы аптада да өз жалғасын тауып, аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлерлері Бақанас ауылы тұрғындарына тағы да тегін бетперделер таратты. 

Аудан тұрғындарын бүкіл әлем күресіп жатқан коронавирус індетінен сақтау мақсатында осы бетперделерді таратып, халықтың денсаулығына алаңдаған жастардың ұйымдастырып отырған бұл шарасы алғаш рет емес. Аудан жастары үнемі кез-келген игі шаралардан тыс қалмай, қолдан келген көмектерін аямауда. Жарқын болашағымыздың кепілі саналатын осындай жастарымыз барда  бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенеміз!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан вошел в топ-50 стран по возможностям для жизни и бизнеса
  • *Официальную статистику Казахстана теперь можно получить с помощью искусственного интеллекта AI TALD
  • *Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады*
  • *Мемлекет басшысы қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтауға баса назар аударды*
  • *Президент: «Конституцияда «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерін бас әріппен жазатын болдық»*