Сіздерді 21 наурыз Қонаев қаласының Орталық алаңындағы «Төрлет, Әз-Наурыз» мерекелік думанына шақырамыз!
Мерекенің басты көркі – 2000-нан асатын адам қатысатын Наурыз Көш-Шеруі!
Көш сағат 10.00-де Қонаев қаласының оңтүстік кіреберісіндегі «Қар барысы» ескерткішінен басталатын көш Алматы және Жамбыл көшелерімен 2 шақырым жүріп өтіп, Орталық алаңға келеді.
«Ынтымақ» көшіне Сіз де қосылып, бізбен бірге шаттаныңыз, ағайын!
Әз-Наурыз құтты болсын!