ГАЗҒА ҚОСЫЛУ ЖАЙЫНДА НЕНІ БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ!

          Бүгінгі таңда Бақанас ауылының тұрғындары үшін өзекті мәселе - табиғи газға қалай қосылу және оны кімдер қосады? сонымен қатар жылыту қазандығын қай мекемеден сатып алу қажеттігі ел аузында жиі айтылып келеді. Бұл өзекті мәселе аудан әкімінің  назарында тұрғандықтан, осы аптада газ құбырларын жүргізетін және қосатын, тұрғын үйлерге қосылған көгілдір отынның пайдалануын қадағалайтын мекемелермен кездесіп, олардың жұмыс жүйесін көзбен көріп, бірқатар мәселелерді көңілге түйдік.

Турасын айтқанда аудан көлеміндегі көгілдір отынға қосылу жоспарланған ауылдық округтерде газ тарту жұмыстарымен тұрақты айналысып жүрген үш бірдей ЖШС-гі бар. Олар «СтройПроектЛидер», «Контракшн Компани» және «Gas Engineering Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Аталмыш серіктестіктер газға қосылуға өтініш берген тұрғындардың талаптарына сай өз жұмыстарын атқарса, тұрғын үйлерге тартылған газды тарату және көгілдір отынды пайдаланушыларға қызмет көрсететін «OSO RIRELINES» ЖШС-гі.

Аудан орталығында орна-ласқан «OSO RIRELINES» ЖШС-гінің директоры Олжас Омековтың айтуынша осы уақытқа дейін Бақанас ауылында  47 тұрғын табиғи газға қосылған. Газ құбыры талапқа сай жүргізілген тұрғын үйлерді қабылдап алғаннан кейін арнайы мамандар көгілдір отынның жұмсалуына байланысты ай сайын төлем жасалынуын қадағалап отырады.

Ал газ құбырын жүргізуді өз жауапкершілігіне алған мекеменің бірі  - «Контракшн Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш жұмыс орыны халық аузында «Жетысу Газ» деген атпен кеңінен тараған.

Тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарын жүйелі жүргізіп келе жатқан  «Контракшн Компани» ЖШС-нің атқарушы директоры  Аслан Төлеутаевпен телефон арқылы тілдескенімде ол өздерінің атқарып жүрген жұмыс жүйесін егжей-тегжейлі баяндап берді.

Аслан Асқарұлы өз сөзінде «Алдымен тұрғын үйлерге газ тарту үшін  өлшеу жұмыстарын жүргізіп аламыз.  Сондықтан табиғи газға қосыламын деген тұрғындар компания мамандарына хабарласу керек. 

Тұрғындардан тапсырыс түскен бетте біздің мамандар өлшеу актісін толтырып және тұрғын үйге табиғи газ берудің нақты бағасын  есептеп щығарады. Келесі кезекте тұрғын үйдің құжатттарын «Техникалық шарттарды» алу үшін пайдаланушы ұйымға өткізіледі. Абонементпен және мердігермен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге ке-лісім-шарт жасалынады. Қысқасы  жобаны әзірлейміз. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргіземіз.

Сонымен қатар қолданыста-ғы жылу жүйесіне қосылған газ жабдығын орнатамыз. Объектіні қабылдау және оны газға қосуға дайындау үшін пайдаланушы ұйымның өкілін шақырамыз. Ол «OSO RIRELINES» ЖШС-гі, яғни қабылдау комиссиясының маманы.

Ал жобаға және пайдалануға беру актісіне қол қойылғаннан кейін магистральдық газ құ-бырына қосу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін газ есептегішті пломбалау және газды  іске қосу жұмыстары орындалады.

Жобалық және құжатта-малық қамтамасыз етумен, құрылыс-монтаждау жұмыс-тары 25 метрге дейін жерге газ құбырларын жүргізу 180 000 теңге тұрады.  Жылу корректоры бар газ есептегіш орташа  есеппен 25 000 теңге болады.  Газ пештері қуатына байланысты әртүрлі бағада тұрады. Мысалы 13 квт пеш  - 280 000 теңге болса, құбырға арналған газ жабдығының құрамдас бөліктері шамамен 100 000 - 150 000 теңге көлемінде. Сондай-ақ  газ жабдығын орнату-50 000 теңге. Орташа алғанда 150 шаршы метрлік бір тұрғын үйді газдандыру «кілтке дейін» 650 000-700 000 теңгені құрайды» деп, тұрғын үйлерге газ тартудың ережесін түсіндірді.

Осы орайда тұрғындар тарапынан неліктен құрылыс-монтаждау жұмыстарына 25 метрге 180 000 теңге төленеді? деген сұрақ туындауы мүмкін. Газ құбырын жүргізумен айналысатын серіктестіктердің айтуынша газ құбыры және құбырды сырлау, дәнекерлеуге жұмсалатын қажетті заттар мен құжаттарды рәсімдеу, жұмысшының еңбекақысы осының ішіне есептелген дейді.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарының деншілігінің табиғи газға қосылуға  деген қызығушылықтары күннен-күнге артып келеді. Сондықтанда аудан басшысы бұл жұмысты жедел әрі сапалы жүргізіп жатқан мекемелермен тығыз байланыс жүргізіп, алдымен Бақанас ауылының тұрғындарын көгілдір отынмен толыққанды қамтамасыз етуді басты жоспарда ұстап отыр.

                                      Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі