ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

1d3a14fb-de3d-428e-92a1-d1da4f841498.jpg

        «Өз елі  өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кеменгерді?» деп Іляс Жансүгіров жырлағандай ауданымыздан шыққан көптеген азаматтар еліміздің әр аймағында мемлекетіміздің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып еңбек етіп жүр.  1d3a14fb-de3d-428e-92a1-d1da4f841498.jpg

Қоғамның өсіп-өркендеуі жолында ауыз толтырып айтарлықтай еңбек сіңірген асыл азаматтардың бірі, санитария саласының Ардагері атанған жерлесіміз Бақберген Айжігітовтің тіршілігінде ел-жұртқа сіңірген еңбектері аз болмаған. 

Аудан орталығындағы санэпидемстанцясы мекемесінде эпидемиолг-дәрігер болып, кейіннен осы мекеменің басшылық лауазымын атқарып, қызмет бабына орай Қарағанды өңіріне қоныс аударып, өзінің мамандығы бойынша жемісті қызмет атқарған жерлесіміздің жүріп өткен өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі.

Бақберген Сағымқожаұлы тірі бол-ғанда биыл 60 жасқа толар еді. Ол өзінің жемісті еңбек жолында «Парасат» ордені және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

Өткен аптаның сенбісі күні марқұмның туған жері, өзінің алғашқы еңбек жолын бастаған мекемесінің ғимарат бұрышына мемориалды тақта орнатылды.

Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев арнайы қатысып, Бақберген Айжігітовтың  өнегелі еңбек жолын шараға қатысушыларға кеңінен насихаттап, бұл іске белсенді атсалысқан марқұмның бауыры Бақтығали Сағымқожаұлына ризашылығын білдірді.

                 Өз тілшімізден.  

   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі