ЕРЕН ЕРЛІГІ ЕСІМІЗДЕ САҚТАЛАДЫ

    8711250d-2a24-4923-8d00-d753839353d0.jpg

        Әлемді дүр сілкіндірген ІІ-ші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы  көптеген атпал азаматтардың жастық шағын ұрлап, бірқатарын мүгедек етсе, қаншама Отан үшін көкірегін оққа тосқан батырларымыз жат жерді мәңгілікке жастанды десеңші?! 

Тарихи деректерде Ұлы Отан соғысына Қазақстан хал-қының 20 пайыз, 1 миллион 200 мыңға жуық отандастарымыз қатысып, ел рухын асқақтатты. Оның 601 мыңы майдан даласынан туған жерге оралмады. Ал Балқаш ауданынан 3185 адам аттанған болатын-ды.

Қан майданда қалың оқ пен оттың ортасында жүріп, ерлікпен қаза болған жауынгер-лердің бірі, атамыз Сәдуақас Дүйсеновтың ерлігі елге - мұра, ұрпаққа - ұран десек те болады.

Сәдуақас Дүйсенов - 1910 жылы Балқаш ауданы №7 ауыл кеңесінде қазіргі Қарой ауылында дүниеге келген.

1917 жылы сол ауылдағы мектептің табалдырығын аттап, 1924 жылы тәмамдаған.1929 жылы Алматы қаласындағы Ауылшаруашылығы институтын бітіріп, Балқаш аудандық партия комитетінде қызмет атқарған. Білімді әрі білікті маман 1931 жылы партия қата-рына қабылданған.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, жаңбырша жауған оқтың ортасында жүріп, майданда лейтенант шенін алған. Дүйсенов Сәдуақас да-лалық пошта (п/п) 82 әскери бөлімшесінің №10 танк корпусының СУ-100 командирі болып Белоруссия жерінде, Днепр өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатысып, 1943 жылдың 16 наурызында ерен ерлігімен ұрыс даласында қаза тапты.

Опасыз жауға қарсы болған соғыстағы ерен ерлігі бағала-нып «Ұлы Отан соғысының ІІ-ші дәрежелі орденінің» иегері атанды.

Отан қорғау жолында шейіт болған батыр атамыздың мәңгілік тыныс алған мекені Орлов облысы, Сметские Выселки селосы екенін осыдан үш жыл бұрын ғана білдік.

Сәдуақас Дүйсеновтың есімі, оның ұрыста қаза тап-қандығы жөнінде Балқаш ауданынан соғысқа аттанған жерлестеріміз жайлы мәліметтер қамтылған  «Боздақтар» кітабында және «Память народа» сайтындағы ақпараттарда, аудан орталығын-дағы және Қарой ауылындағы «Боздақтар» монументінде тас-қа қашалып жазылған.

Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батыр атамыздың әкесі-Дүйсен, анасы-Келеке, зайыбы - Төлжан Ұзақбаева. Бес ұлға әке болған жауынгердің ұлдарынан тараған ұрпақтары Алланың қалауымен өсіп-өніп, бүгінде бір қауым елге айналып отыр.

Қан майданда ерлікпен қаза тапқан, жат жердің топырағын мәңгілікке жастанған Дүйсенов Садуақас атамыздың есімі бәріміздің  көкейімізде жазулы тұр.

Майдан даласында Отан үшін жасалған ерліктер жылдан-жылға бізден алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен тарихи деректер жазылуда. Дүниежүзін фашизм езгісінен азат еткен халықтың жауынгерлік ерлігін адамзат баласы ешқашан да ұмытпайды.

     Тілеуберген ДҮЙСЕНОВ, зейнеткер, «Варшава - Мұрагер» Ардагерлер ұйымының Балқаш аудандық филиалының төрағасы.

                                                                         Бақанас ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі