Нүрия ҚАПСАЛАНОВА, Балқаш аудандық кітапханасының директоры.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша жүргізіп отырған реформасында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлуде. Мәдениет, оның ішінде кітапхана қызметкерлерінің, мұрағат пен мәдениет саласында жұмыс істейтіндердің жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жыл сайын 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсыныс жасады. Президенттің мұндай қадам жасағаны бізді қуантып, жұмысқа жігерлендіріп қана қоймай, алдағы кезеңдерде халыққа рухани азық сыйлауға шалқарлы шабыт берді.
Жалпы, жұртшылыққа руханият дәнін сеуіп, кітаптың қадір-қасиетін дәріптеуші кі-тапханашылардың қоғамда өз орны бар. Олардың біраз жылдан бері қордаланып қалған мәселелері де аз емес. Соның бәрі қазіргі таңда біртіндеп рет-ретімен шешіліп келеді. Сонда да ауылдағы кітапхана мен мектеп кітапханасына жоғары білімді мамандар жетіспейді. Алдағы уақытта педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарына кітапханашы маман-дығын көбірек енгізсе және кітапханашылардың біліктілігін арттыру курсын мейілінше жүйелендірсе деген тілегіміз бар.
Ауылдық жерлердегі кі-тапхана қызметкерлерінің жалақысы аз болуына байланысты штатқа жоғары білікті техникалық кадрларды (программистер, жүйе әкімшісі, веб-дизайнерлер, сондай-ақ шет тілі мамандарын алу мүм-кіндігі болмай жүргені жасаырын емес. Ағылшын тілін оқып-үйренуге көмекші басылымдар жоқтың қасы. Соның ішінде жас шамасы әртүрлі балалар мен жастарға арналған сөздіктер, энциклопедиялар, бейінді көркем әдебиеттер тым аз. Оқырман балаларға арналған кітап нарығына зерттеу жүргізетін республикалық талдау әдістемелік орталығы жоқ. Қызметкерлердің бі-лімін көтеруге қаржы бөлін-бейді. Кітапхана қорлары ескірген. Оқырмандар мен пайдаланушыларға компьютер-лер жетіспейді, көбі талапқа сай емес. Кеңес заманында кітапханашыларға ескі кітаптағы шаң-тозаңмен жұ-мыс істегені үшін қаржы төленетін, қазір ол жоқ. Бүгінгі кітапханалар – ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі сұраныс технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануды қажет етеді.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 1 аудандық, 14 ауылдық кітапхана аудан халқына қызмет көрсетеді. Кітап қоры тек С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасынан тү-сетін жаңа әдебиеттермен және «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы аясында жеке оқырмандардың, ақын-жазушылардың кітапханаға сыйға тартатын кітаптары есебінен толықтырылады.
Менің ойымша кітапхана қызметі жоғарғы деңгейде болуы қажет. Бұл дегеніміз кітапхана мен кітапханашы мәртебесін көтеруді талап етеді. Алдымен әр кітапхананың заманауи техникаларымен жаб-дықталған жеке ғимараты болуы өте маңызды. Сондай-ақ кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құралдарды меңгеруі, ақпараттық тех-нологияның көмегімен жо-ғары сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуі, оқырман сұранысын қанағаттандыруы, бір сөзбен айтқанда уақыт талабына ілесіп, компьютерлік сауат-тылықты жетілдіру аясында барлық кітапханашыға курстық сабақтар теориялық және практикалық жүйеде өткізіліп отыруы керек.
Кітап қоры рухани мұра болғандықтан, оны толық бүтін қалпында сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың қасиетті борышы.
Бұл тұрғыда ой жүйелер болсақ, Президент реформасында қамтылған дүниелер бізді әрдайым алға жетелеп отырады. Біздің міндетіміз сол қамқорлыққа сай жұмыс жасауымыз керек.