БІЛІМ БЕРГЕН, ОЙ БЕРГЕН, АҚЫЛ БЕРГЕН...

d1e866bb-370e-4372-9941-76484b2d9832.jpg

5 қазан «Мұғалімдер күні» мерекесі болып белгіленгенін барша ұстаздар қауымы ерекше қуанышпен қабылдаған еді. Мерекеге орай аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі арнайы «Мұғалімдер күні» шарасын өткізді. Мереке өтетін аудандық Мәдениет үйі мерекеге сай безендіріліп, көркемделіп, көшелерге ұстаздар еңбегін ерекше бағалаған қанатты сөздер жазылған бильбордтар ілінді.

Мұғалімдер қауымының өлшеусіз еңбектері баяндалған, шәкірттердің ыстық ықылас-тары мен аппақ тілектері жинақталған бейнефильм көр-сетілген соң, оқушылардың ұстаздарды құттықтауы үшін арнайы дайындалған әдеби-сазды монтажы қойылды.

Іс-шара сценарийі бойынша аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Дәрібаев Бауыржан Темірғалиұлының аудан ұстаздарын құттықтау сөзі оқылды. «Еліміздің әлеу-меттік, экономикалық және мәдени дамуында ұстаздар қауымының еңбектері ерекше. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұстаздар-бала-ларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәр-биелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары–мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетуге міндетті" - деп, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағынан жақсаруына назар аударып отыр» дей келе, аудан білім саласының дамуына ерекше үлес қосқан Береке  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейбітова Гүлжанат, оқушысы облыстық «Мағжан Жұмабаев» оқуында ІІ орынға ие болған Аралтөбе орта мектебінің мұғалімі Рашитова Жазира, оқушылары Халықаралық бай-қаулардан түрлі дәрежелі дипломдар алған Саз мектебінің мұғалімдері Алсаева Эльвира, Дәуітбаева Бахыт, Болысбекова Бахытгүл т.б. ұлағатты ұстаздардың еңбектерін атап өтті.

Сонымен бірге ерекше еңбе-гімен ел алғысына бөленген бірнеше мұғалімдерді марапаттады.

Алғашқылар болып, Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің «Ең-бек ардагері» медалімен Көкжиде орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітбаева Айгүл Мейрамбекқызы, Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің Алғысымен М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рыскелдина Азия марапатталды. Және бірқатар мұғалімдер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Мұғалімдер күні» мере-кесіне арналған шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қа-зыналық кәсіпорнының оқу-шылары тарапынан дайын-далған концертке ұласты.Осындағы ұстаздар қауымы әсем әнге құлақ түріп, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болды.

Ұстаз еңбегі қашанда еліміз үшін аса бағалы. «Бір әріп үй-реткенге қырық күн сәлем бер» деген екен дана халқымыз. Олай болса, еліміздің бола-шағын тәрбиелеп отырған ұс-таздар қауымына қандай құрмет көрсетсек те лайықты.

«Инемен құдық қазғандай» деп бағалаған оқу үрдісін жүзеге асыру оңай емес. «Көрінбейтін майданның» жауынгерлерінің әр ісі үлкен қиындықтармен жүзеге асырылады. Олар сол жолда мойымайды. Бар қиындықты көтеріп жүргенін сездірмейді де. Асқан жауапкершілікке толы міндеттерді көтеріп жүрген ұстаздарымыздың өздеріне арналған мерекеден жүздері бал-бұл жанып, ризашылықпен қайтып бара жатқанын көргенде біз де қуандық.

 

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі