ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ

 e24a3930-b75d-41a0-b53c-e3962341d46a.jpg

    «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі және Ұлт ұстазы, Алаштың ардақты перзенті Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне  орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен,  облыстық Тілдерді дамыту жө-ніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Кеген аудандық Мәдениет үйінде облыстық «Тіл фестивалі»  болып өтті.

Фестивальге аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлзат Сәлімжанова және тіл жанашырлары барып қатысты. 

  Мерекелік шара барысында аудандық кітапхана директоры, "Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалының төрайымы Нүрия Қапсаланова, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталса, әріптесіміз, тіл жанашыры Бақтығали Дәуітбаев Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен және  аудандық "Тіл оқу-әдістемелік" орталығының меңгерушісі Таңшолпан Қасым  облыстық Тілдерді дамыту жөнін-дегі басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

   Форумда сөз алған қонақтар қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып сақталып келе жатқан баға жетпес асыл мұрамыз. Ана тілдің болашағын ойлап, басын бәйгеге тіккен Ұлт ұстазы, Алаштың ардақты перзенті Ахмет Бай-тұрсыновтың қазақ тілінің қалыптасуына сіңірген еселі ең-бектеріне ерекше тоқталып, әрбір қазақ баласы өзінің ана тілін ардақтап, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, туған тілі-міздің тұғырлы болуына атсалысса деген пікірлерін білдірісіп жатты.

   Мерекелік шара қазақ композиторы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбековтың  концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

                                                                                                                Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі