Аттары аңызға арқау болған абыздарым

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қойылған міндеттер аясында, өткен жылдың қыркүйек айынан аудандық тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Біздің өлке аңыздары» айдарымен жүргізілетін рухани танымдық шаралар биылғы жылда да жалғасын тауып, жүзеге асырылуда.

Осы орайда үйірме мүшелері мен мектеп оқушыларының қатысуымен, үйірме жетекшісі, өлкетанушы Зауреш Жұмағалиқызының жүргізуімен, қазақ халқының ауызекі шығармашылығының үлкен бір саласы - шежірелі, қызғылықты әрі өзіндік ерекшелігі мол аңыз, әфсана, әңгіме топтамасынан «Аттары аңызға арқау болған абыздарым» тақырыбында өткен шарада қатысушылар ұлы адамдар жайлы, Майқы би мен Шыңғыс хан, Қорқыт ата, Абылай хан, Кетбұға күйші мен Жошы хан туралы аңыздарды тыңдап, сондай-ақ Іле-Балқаш өңіріндегі Маралбай, Нысанбай әулиелер, Райбек, Қыранбай, Ақжол, Қалманбет сынды бақсы-тәуіп емшілер мен Малыбай би және ел тарихында 2-ші гильділі көпес мәртебесіне ие болған би-болыс Ойшы Маясарұлы және Іле-Балқаштың тұңғыш болысы Сүндетбай қажы есімдеріне қатысты аңыз-әфсана, әңгімелерден ой түйсе, болашақта музейге келушілер өлкеміздегі жер-су аттарына байланысты қасиетті орындар мен киелі жерлер, тарихи мекендер мен ел қорғаны, батыр бабаларымыз, ақындар мен тарихи тұлғаларымыз жайлы да шежірелі аңыз-әңгімелерден таным ала алады.


Гүлхан Сихымқызы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі