Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жемқорлық- індет, сол себепті барлық сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алуда  жұмыла күрес жүргізу қажет.   Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 6 қазандағы № 365-VI  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Adaldy-k-alany-2.png

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  Заңының   1-бабында   сыбайлас жемқорлық ұғымы  – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып түсіндірілдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сондықтан  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру арқылы мәдениетті,өркениетті қоғам қалыптастыра аламыз.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында және санитариялық қызметтің  ашықтығын қалыптастыру мақсатында  әлеуметтік желілер арқылы,басқармада   көрнекі орындарда көрсетілетін қызметтер туралы,сенім телефондары туралы толық ақпараттар берілуде.

Басқарма  қызметкерлерінің   кәсіби әдептілігінің, білім деңгейлерін ұдайы көтеру басты назарға алынып,заң талаптарын орындалуын  қамтамасыз етудегі міндеттері айқындалған.

Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Г.Жамалдинова, Балқаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру бөлімінің  бөлім басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арандатушылыққа бой алдырмаңыз!
  • Жат ағымдар туралы не білеміз
  • Президент Касым-Жомарт Токаев на форуме президентского молодежного кадрового резерва
  • Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді
  • Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар