Ата-анадан кәмелеттік жасқа толмаған балаларына қарауларын сұраймыз!
Бала тәрбиесі өте күрделі мәселе болғандықтан, бесікте жатқан кезінен бастап балаға үнемі көңіл бөлу керек. Саналы да сапалы ұрпақ өсіру үшін балаға ата-ананың тәрбиесі ауадай қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан індетке қарсы яғни, коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейінгі аралықта кәмелетке толмаған балаларыңызды қадағалап, қарауларыңызды сұраймыз. Қазіргі таңда балаларды үйден тыс жерлерге, яғни қоғамдық жерлерге, серуендеу алаңдарына, сонымен қатар ата-ананың және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз күндізгі және түнгі уақыттарда тұрғын үйден тыс жерлерге шығуларына тыйым салуларыңызды сұраймыз.
Балқаш аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-нің тарапынан аудан көлемінде тұрып жатқан сәтсіз отбасылары мүшелеріне қайырымдылық көмек ретінде маска, резіңке қолғап және азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсетілуде.
Қайырымдылық қорына өз тараптарынан үлес қосқандарға тоқталып өтсек, олар Балқаш АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақдала орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қарағаш орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Береке орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Аралтөбе орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Д.Қонаев атын-дағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Топар орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары осындай қиын-қыстау заманда өз тараптарынан қолдау көрсетіп жатқандарына алғысымыз шексіз.
Өйткені, біз жұмылған жұдырықтай бірлессек, біз алмайтын қамал жоқ.
Ойлан САДЫРБАЕВА, Балқаш аудандық ПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ-ның аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры.