
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында Бақанас аграрлық-индустриалдық колледжі «Кітап сыйла» акциясына өз үлесін қосты.
Аталған игі бастама аясында колледж директоры Бақытжан Нұртайұлы Өксікбаев Балқаш аудандық кітапханасына кітаптар сыйға тартты. Акцияға колледж кітапханашысы Алтынай Қуанышбай және колледж студенттері де қатысып, кітап оқуды насихаттауға, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бастамаға қолдау білдірді.
Балқаш аудандық кітапханасына табысталған кітаптар оқырмандардың сүйікті туындыларына айналып, талай жанға рухани азық болсын! Кітапқа деген құрмет артып, білімге ұмтылған оқырмандарымыздың қатары көбейе берсін!
Колледждің аудандық кітапханаға кітап сыйлауы – кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ мақсатты қолдаудың нақты көрінісі әрі екі білім ордасының рухани ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған игі қадам.


