«ЖАС ҰЛАН» – ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫ

IMG_9607.jpeg

Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепте оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Бұл – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік, адалдық пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Ұйым қатарына қабылданған оқушылар Отанын сүюге, елінің тарихы мен дәстүрін құрметтеуге, білімге ұмтылуға және қоғамға пайдалы азамат болуға талпынады.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдану – әрбір оқушы үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – өскелең ұрпақтың ел болашағына деген сенімін арттырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін нығайтатын маңызды қадам.

Жас ұландар – еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы! Жас ұландарға білім жолында биік белестерді бағындырып, ел сенімін ақтайтын, рухы биік, отаншыл азамат болып қалыптасуларына тілектеспіз!

«Жас Ұлан» – жасампаз ұрпақтың ұйымы!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • От сборной СССР до наставника, изменившего судьбы юных спортсменов
  • КСРО құрамасында ойнаған спортшы ауыл балаларының болашағына жол ашты
  • Лицензия на каждый шаг: как в Казахстане будут контролировать безопасность строительства АЭС Источни
  • КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ
  • Алматы облысында дрондардың көмегімен 3900-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды