Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

1.png

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заңға құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті әрі ортақ жауапкершілігі.

Заң талаптарын сақтау арқылы біз өз құқықтарымызды қорғап қана қоймай, өзгелердің де қауіпсіздігіне жағдай жасаймыз. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ел тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды бағыттары.

Құқық қорғау органдарының жұмысы халықпен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан тұрғындардың заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысуы маңызды.

Заң үстемдік еткен жерде әділдік орнығып, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі артады. Тәртіпті қоғам – қауіпсіз қоғам. Ал заңды құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Сондықтан әрқайсымыз «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірімізде берік ұстанып, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға өз үлесімізді қосуымыз қажет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықтың бірлігі мен ортақ мақсатын айқындайды
  • «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясындағы «Кітап сыйла» акциясы
  • Республика күні қарсаңында – Алғыс хат!
  • Табиғатқа тағзым – туған жерге құрмет!
  • «Қыран елім – Қазақстаным!»