Коалиция мүшелері Көктал орта мектебінің ұжымымен кездесті

fkby.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Көктал ауылындағы Көктал орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.



Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.



«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Кадирбек Омаров.



Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана