Коалиция мүшелері Үлгілі орта мектебінің ұжымымен кездесті

23.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қарой 

ауылындағы Үлгілі орта мектебінің ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға 

шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі 

айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға

 құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға 

бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы 

қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының

 сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Марат Болатов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті 

екендерін жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите