Бірлік ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

лу.pngра.png

ра.png

Балқаш ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы 21-бап 

нормаларына ерекше назар аударылды.


Коалиция мүшелері жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясының қорғалуы, сондай-ақ цифрлық

 технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау құқығы

 конституциялық деңгейде бекітілетінін түсіндірді.


Коалиция мүшесі Жөргенбаев Жанболат бұл өзгерістің заманауи маңызын атап өтті.


«Бүгінде әр азаматтың деректері цифрлық ортада сақталады. Медициналық ақпарат, жеке сәйкестендіру деректері,

 банктік мәліметтер – мұның барлығы қорғалуы тиіс. Жаңа Конституция бұл құқықты нақты бекітіп отыр. Бұл – 

азаматтың жеке кеңістігіне қол сұқпаудың Негізгі заңмен кепілденуі», – деді ол.


Кездесу барысында тұрғындар цифрлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шомылу маусымына дайындық күшейеді
  • Ескерткіштер аумағы тазаланды
  • “Таза аула” акциясы өтті
  • В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования
  • ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам