Коалиция мүшелері Ақдала орта мектебінің ұжымымен кездесті

дв.png

ла.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ақдала 

ауылндағы Ақдала орта мектебінің ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға 

шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі 

айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға

 құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға 

бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы

 қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының 

сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Ердос Денгельбаев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті 

екендерін жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*