Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

7.png

Қасым-Жомарт Тоқаев:


«Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында

 пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін.


Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр.


Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара

 шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр

 тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық.


Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. 

«Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар.


Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне

 заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі 

қалалардың заңды жалғасы дей аламыз.


Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны

 баршаға мәлім.


Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды»


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2025 жылдың IV тоқсанында кірістері мен мүлкі туралы декларация
  • «Недаром в народе говорят – всему свое время.
  • «Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді.
  • «Халық Кеңесі должен получить право законодательной инициативы, что, конечно, значительно усилит его
  • «Ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болды.