Алматы облысында «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу рәсімі өтеді

18.png

19.png

2026 жылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне

 арналған суға шомылу шаралары өтеді. Өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді

 өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді.


Купельдер келесі аумақтарда ұйымдастырылады: Қонаев қаласында – 1, Іле ауданында – 6, Талғар 

ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 2. Барлық 

алаңдар ыңғайлы кіріп-шығу жолдарымен, баспалдақтармен, жарықтандырумен, сондай-ақ қатысушылардың

 қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қажетті құралдармен жабдықталады.


Суға шомылу өткізілетін орындарда полиция қызметкерлерінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және

 медициналық қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шараларды үйлестіруді Алматы облысының

 Дін істері басқармасы және аудандық, қалалық әкімдіктер қамтамасыз етеді.


«Құдайға шоқыну мерекесіне арналған суға шомылу рәсіміне барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

 Сонымен бірге, қатысушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы, ауа райы жағдайын және денсаулық

 күйін ескеріп, суға түсуге алдын ала дайындалуы қажет. Шомылу рәсімі – ең алдымен рухани дәстүр, 

сондықтан оған қатысу саналы әрі жауапты болуы тиіс», – деп атап өтті Алматы облысының Дін істері 

басқармасында.


Алматы облысында мерекеге орай суға түсуге арналған орындар:


Қонаев қаласы

– № 5 жағажай

(18-шағынаудан).


Іле ауданы

– приход «Адриано-Натальинский» Астанайской и Алматинской епархии

(Өтеген батыр ауылы, Ажимуратова көш., 1-үй);

– Свято-Иверский приход Астанайской и Алматинской епархии

(Боралдай ауылы, Курчатов көш., 13-үй);

– приход храма великомученика Дмитрия Солунского Астанайской и Алматинской епархии

(Байсерке ауылы, Учительская көш., 1-үй);

– приход в честь иконы Божией Матери «Неупиваемая Чаша» Астанайской и Алматинской епархии

(Қосозен ауылы, Таугуль көш., 20-үй);

– приход храма святителя Николая Астанайской и Алматинской епархии

(Ақсай ауылы, Алтынсарин көш., 15-үй);

– «DVS» ЖК ЖШС су айдыны, «Рыбацкая усадьба»

(Ақсай ауылы, КА-32 су айдыны).


Талғар ауданы

– приход храма святителя Николая Астанайской и Алматинской епархии

(Талғар қ., Гагарин көш., 68-үй);

– приход храма Параскевы Пятницы Астанайской и Алматинской епархии

(Талғар қ., Бекбаев-Крутенко көш., 142-үй);

– приход в честь иконы Божией Матери «Утоли мои печали» Астанайской и Алматинской епархии

(Панфилов ауылы, Гагарин көш., 22-үй);

– Свято-Георгиевский приход Астанайской и Алматинской епархии

(Белбұлақ ауылы, Қ. Әбдіғұлова көш., 98-үй);

– приход храма Святых Царственных страстотерпцев Астанайской и Алматинской епархии

(Панфилов ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Школьная көш., 90-үй);

– Иоанно-Предтеченский приход Астанайской и Алматинской епархии

(Гүлдала ауылдық округі, Гүлдала ауылы, Қазыбек би көш., 42-үй);

– скит Иверско-Серафимовского женского монастыря в честь иконы Божией Матери «Живоносный источник»

(Панфилов ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Аз-Жәнібек хан көш., 90-үй).


Жамбыл ауданы

– приход Казанского храма Астанайской и Алматинской епархии

(Ұзынағаш ауылы, Сәтбаев көш., 90-үй);

– Свято-Тихоновский приход Астанайской и Алматинской епархии

(Қарғалы ауылы, Журунов көш., 11-үй);

– «Володя» шаруа қожалығының көлі (жеке су айдыны)

(Ақсеңгір ауылдық округі, Жайсан ауылы);

– Ақсеңгір өзенінің жағалауы

(Таран ауылдық округі, Б. Қыдырбекұлы атындағы ауыл) — тек су алу рәсімі үшін.


Қарасай ауданы

– «Home Club» отбасылық-сауық кешені

(Жандосов ауылы, Темірбекова көш., 1-үй).


Еңбекшіқазақ ауданы

– Есік өзені

(Есік қ., Речной көшесінің бойында);

– Түрген өзені

(Түрген ауылы, Құлманбет көшесінің бойында).


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу рәсімі өтеді
  • В Алматинской области пройдут крещенские купания
  • МАЛ ҚЫСТАТУ - ЖАУАПТЫ НАУҚАН
  • ТЕАТРДА ШЫҢДАЛҒАН ТАЛАНТ ИЕСІ
  • ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ