
Жылдағы дәстүр бойынша православиелік дін өкілдерінің «Крещение Господне» мейрамы өтеді.
Бұл күні ел аумағында қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні дәстүрлі шомылу рәсімі жүргізіледі.
Аталған шараның қауіпсіздігіне төтеншеліктер жауапты. Бұл жайында Алматы облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға
инженері, азаматтық қорғау капитаны Дінмұхамет Жунусов, Алматы облысында шомылуға арнайы 21
орын дайындалып жатқанын жеткізді.
Өңірдегі православие дінін ұстанатын азаматтардың басым бөлігі облыстағы 5 аудан мен 1 қалада
тұрады екен. Сондықтан да, шомылуға арналған арнайы ойықтар да аталған елді мекендерден әзірленбек.
Айта кетеу керек, жаңадан құрылған Алатау қаласы мен қалған 5 ауданда «Керещение Господне»
мерекесіне орай, орын дайындалмайды. Себебі, мұнда православиелік тұрғындардың саны аз.
Дінмұхамет Жунусовтің айтуынша, Қонаев қаласындағы шомылуға арналған орын жоспар бойынша №5
жағажайда болуы тиіс. Алайда, жылы ауа-райы салдарынан, қар жабындысының болмауы мен Қапшағай
көліне мұз қатпағандықтан, шомылу рәсімі, қаладағы шіркеулердің бірінде өткізілуі ықтимал.
Төтеншеліктер, шомылу орындарында құтқарушы-сүңгуірлер мен полиция қызметкерлері және медицина
мамандары тәуліктік кезекшілікте болатынын алға тартты. Сонымен қатар, «Крещение Господне»
мейрамындағы шомылу рәсімі кезінде облыстық ТЖД бөлімшелерінен 70-тен аса жеке құрам, 15 бірлік
техника өз жұмысын атқаратын болады.
«Шомылу рәсімін тек арнайы орындарда өткізу керек. Сондай-ақ, масаң күйде суға түсуге және суда
ұзақ уақыт болуға болмайды»,-деп түйіндеді спикер


