
Осы аптаның дүйсенбісі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин мен «АМАNAТ» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Кубентаев
ауданға арнайы іссапар-мен келіп, аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында халықпен кездесті.
Жиынның жүргізу тізгінін өз қолына алған аудан басшысы алғашқы сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Николаевичке берді.
Сөз кезегін алған халық қалаулысы Мемлекет басшысының «ауыл мен қаланың арасын теңестіру» деген сөзін алға тартып, ауылдық жерлерге қаладағыдай жағдай жасау үшін ауыл тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет, ғаламтор, жол, тұрғын үй мәселесін шешуді айтты. Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласын өркендету үшін су мәселесіне баса тоқталып, өз ойын ортаға салды.
Алыстан ат арылтып келген халық қалаулысына аудан-дық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев аграрлы өңіріміздің басты саласы егін шаруашылығы екенін айтып, су тапшылығының алдын алу үшін Іле өзеніне үрлемелі су қоймасы орнатылса, егіс ал-қаптарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп тұрған «Тас-мұрын» және «Бақанас» магистралды каналдарындағы су деңгейі көтерілер еді деген ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров Бақанас ауылы Іле өзеніне жақын орналасқанын және өзен жағалауын су тол-қыны шайып құлатып жатқанын айтып, тұрғын үйлерді су басып кетпеу үшін өзен жағалауына бекініс орнатылса деген ұс-ынысын жеткізді.
Аудан басшысы Азат Үкітайұлы жоғарыда көтерілген мәселелердің бұған дейін бір-неше мәрте көтерілгенін және осы бағытта атқарылатын іс-шаралардың жоспарда тұрғанын айтты.
Келесі кезекте сөз алған «АМАNAТ» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Нұрахметұлы «АМАNAТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының ор-ындалу жайында мәселелерді ортаға салды.
Жиын соңында Максим Николаевич көтерілген мәсе-лелердің оң шешімін табуына өзі ықпал жасайтынын айтты.
Мұнан соң құрметті қонақтар аудан орталығында салынып жатқан тұрғын үйлер мен тарихи-өлкетану музейінің және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».


