Отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту

7.png

Аграрлық саланы дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. 

Президент атап өткендей, «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл 

елді дамыту деп қараған жөн». 


????Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ 

форумында мал шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық жерлерін оңтайлы пайдалану, 

судың тиімділігін арттыру, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, агроөнеркәсіпті қаржыландыру 

тәсілдерін жетілдіру, саланы цифрландыру, өнімді терең өңдеу секілді бірқатар негізгі міндеттерді 

айқындады.


????Жыл басынан бері аграрлық саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция 20 пайызға ұлғайып, 

790 миллиард теңгеге жетті. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3 пайызға артты.


????Биыл елімізде алғаш рет ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион 

теңгеден асты. 


????Бүгінде ауылшаруашылық техникаларына ішкі сұраныстың 90 пайызын отандық өндіріс 

қамтамасыз етеді. Еліміздегі 10 зауытта әлемге белгілі брендтердің 19 түрлі техникасы құрастырылады. 


????Агроөнеркәсіп өнімдері 70 елге экспортталады. Оның жалпы құны 5 миллиард доллардан асады. 


????Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Ел қамбасын толтыруға барлық өңір 

атсалысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифровизация и развитие ИИ
  • Укрепление потенциала отечественного АПК
  • Отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту
  • Развитие транспортно-логистического потенциала страны
  • Еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту