Еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту

Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін кеңейтіп, елімізді Еуразиядағы ірі 

транзит хабына айналдыруға жіті мән береді. 


✔️2025 жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды.  

Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым. 


5.png

✔️Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, 

Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор учаскелері бар. 


✔️Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай

 құрылысы басталды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. 


✔️Президент әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компанияны құру бастамасын қолдады.

 Бұл еліміздің көлік әлеуетін дұрыс пайдаланып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.


✔️2025 жылы ел нарығына бірқатар жаңа авиакомпания кірді. Бұдан бөлек, 35-тен астам жаңа 

бағдар, соның ішінде тұңғыш рет Шанхай, Гуанчжоу мен Мюнхенге тікелей рейстер ашылды.


✔️Қызылжар – Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза – 

Мақтаарал және Бақты – Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр.


✔️Ел аумағындағы 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности
  • Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті
  • Алматы облысында су тасқыны кезеңіне 347 техника дайын тұр
  • ЖСН арқылы дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз
  • ӘР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ