Coca-Cola жаңажылдық керуені алғаш рет Қонаевқа табан тіреді

21.png

35.png

98.png

24 желтоқсан күні Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жаңажылдық керуені тарихта алғаш рет 

Алматы облысының орталығы — Қонаев қаласына келіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Арнайы безендірілген Coca-Cola фурасы қалаға жеткен соң Алматы, Сейфуллин, Жамбыл және

 Қонаев көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңда орнатылған бас жаңажылдық шыршаның жанында

 табан тіреді.


Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, 

түрлі қызықты ойындар мен концерттік қойылымдар көрсетілді.


Айта кетейік, Coca-Cola жаңажылдық керуені — әлемнің көптеген елдерінде мерекенің жақындағанын 

білдіретін дәстүрлі жобалардың бірі. Биыл бұл ерекше шара Қонаев қаласының тұрғындары мен 

қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция-жарқын болашақтың кепілі
  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды!
  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 миллион теңгеден аса қаражат қайтарылды
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Международной конференции по искусственному интеллекту AI
  • «SAQTAN-2026»: 20 түнгі рейд жргізіліп, 175 әкімшілік хаттама толтырылды