Алматы облысында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» ақпараттық-қорытынды шарасы өтті

22.png44.png

Алматы облысының Балқаш ауданында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» атты ақпараттық-қорытынды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілді.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қағидаттарын кеңінен насихаттау және қоғамды тазалық пен тәртіпті сақтауға жұмылдыру.

Іс-шара Балқаш аудандық әкімдігінде өтті. Кездесуге 50-ден астам адам қатысып, олардың қатарында жастар, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді азаматтар болды. Қатысушылар экологиялық сана, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны таза сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Алтынбаев Азамат Әскербекұлы экологиялық жауапкершіліктің қоғамдағы рөліне тоқталып, тазалық пен табиғатты аялау әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар экологиялық бастамаларды қолдап, «Таза табиғат – жарқын болашақтың негізі» деген ортақ пікірге келді.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Адам құқығы басты назарда
  • Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!
  • ​«Полиция қызметкерімен бір күн» акциясы