Жазушы оқушылармен жүздесті

1.JPG

 Наурыздың 17 ші жұлдызында Қазақстан Жазушылар және Халықаралық Жазушылар одағының, сондай-ақ Журналистер одағының мүшесі, редактор, балалар жазушысы, сықақшы, сатираның сардарды Ермахан Шайхыұлы нөмірі 195-ші жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушыларына арнап кездесу өткізді. 

2.JPG

     Ермахан Шайхыұлы – қазіргі таңда «Аннұр сапа» баспасының тізгінін ұстап отыр, сонымен қатар өз кезінде «Дала мен қала», «Қазығұрт», «Қазақ университеті» секілді бірнеше баспада редакторлық жұмыс атқарған. «Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Жатыпатар», «Аққудың сыңары», «Ағынан жарылсақ...», «Әріп әлемі» және басқа да сынды кітаптардың авторы. Сонымен қатар өзінің түлеп ұшқан қара шаңырақ ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде дәріс өткізіп, шәкірттеріне сабақ береді. Бүгінде кітабы мен кәдесыйын арқалап келген редактор №195 Жалпы білім беретін мектептің қадірлі қонағы болып отыр. Мектептің кіреберісінен бастап мектептің оқытушылары мен оқушылары редакторды күтіп алған болатын. Қаз қатар болып тізілген балдәурен бүлдіршіндер жүрек жарды тақпағын оқып, қаламгердің өз қолынан кітап алды. Мектеп қабырғасын алғаш аттап басқан оқушыдан бастап мектеп директорына дейін сый-құрметын білдіріп, кездесудің әлқиссасын бастады. Мың бұралған бишілер мен бұлбұлдай сайраған әншілер де өз өнерін паш етіп жатты. Кездесудің модераторы – №195 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы – Самалхан Серғали сөз тізгінін ұстаған болатын. Көпке созбай, сөз кезегін кездесудің қонағы Ермахан Шайхыұлына берді. Журналист өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отыра, оқушыларға іліп алар өнеге айта отырды. Сонымен қатар аталмыш мектептің 10-11 сынып оқушыларына құлақ қағыс ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіне түсу үшін қандай пән таңдап, не істеу керегін түсіндіре өтті. Оқушылар тарапы да үнсіз қалмай, редакторға бірер сұрағын қойып, кездесу одан әрі өрби түсті. Сонымен қатар Қоғамдық Даму орталығының бас маманы Абисатова Мая Бақтыбекқызы да кездесу қонағының бірі болғанын айта кетейік. Сөз арасында Ермахан Шайхыұлының айтқан әңгімесін қоштап, оқушыларға ақылын айтып жатты. Сондай-ақ, кездесу соңында Мая Бақтыбекқызына бірер сұрақ қойып кішігірім сұхбат жүргізген болатынбыз. 

—Ермахан Шайхыұлынан бөлек басқа да жазушы, әдебиетшілер әлі де көп. Осы секілді басқа да әдебиет өкілдерінің қатысуымен өтетін кездесулерді ұйымдастыру оқушыларға қаншалықты пайдалы? 

—Осындай кездесулер өте маңызды. Себебі қазіргі оқушылар кітап оқымайды. Кітап оқымағаннан кейін біз – осындай кездесулерді ұйымдастыра отыра, насихаттауымыз қажет. Сол сияқты жазушылармен, ақындармен сонымен қатар шығармашылығымен жетене таныстыру керекпіз. Дәл осындай жолменен біз балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мен осындай кездесулер жиі болу керек деп ойлаймын. 

—Ермахан Шайхыұлының шығармашылығымен таныссыз ба? 

—Әрине таныспын. Алайда осы кездесу болады деген кезде мен бірден осы кездесуге қатысуға қуана келістім. Шыны керек сол күні Ермахан Шайхыұлының өмірбаянын, шығармашылығын, сатира жанрна қандай ықпал тигізгенін тереңдете тағы да қайталап оқып шыққаным бар. 

     Сол секілді мектеп директоры Имашева Алма Отанқызынан да сұхбат жүргізген болатынбыз.

—Ермахан Шайхыұлы осы мектепке бірнеше туындыларын тарту етіп жатыр. Қалай ойлайсыз, аталмыш кітаптағы материалды мектеп программасына еңгізсе, қалай болады?

—Әрине, бізге бір емес бірнеше кітабын осы мектебімізге тарту етіп жатыр. Осыған дейін де мен Ермахан Шайхыұлының шығармашылығымен көгілдір экранда кішігірім танысып кеткенім де бар. Жалпы журналистің шығармашылығының ішінен көптеген туындысын бастауыш программасына қосуға болады. Оны жаңа да оқып шыққан болатынмын. Өлең-тақпақтар бүлдіршіндеріміздің айтуына, сөйлеуіне, тіліне қатты бір ауыртпалық тигізбейді. 

—Журналист өз сөзінде бірнеше рет мектеп қабырғасында жүріп материалдарды жаза бастадым деп айтып қалды. Қазір осы мектепте осындай дарынды балалар бар ма?

—Бізде дарынды балалармен жұмыс міндетті түрде жүргізіледі. Өнерге, жазуға, өлең шығаруға қабілетті балалар көп. Тіпті жекеленген жұмыстар да жүргізіліп тұратынын айтқымыз келеді. Тиісінше олимпиада, жарыс секілді додаларға қатыстырып, жүлделі орындармен қайтқан кезіміз де болды – деп қысқа қайырды. 

     Ермахан Шайхыұлының балалар әдебиетіне арнап жазған туындылары ғасырларға дейін тасқа ойып жазылғандай тарихта қалады. Тек балалар әдебиетіне ден қойып қана қоймай, сатираның сардары да болғанын алға тартамыз. Сөз соңында, кездесудің сәтті болғаны және №195 жалпы білім беретін мектептің оқытушылары болашақ мықты қаламгерлерді дайындап жатқанын айтқым келеді. Тек оқушыларға ғана емес, сол жердегі кейбір мұғалімдерге де шеберлік сағаты болды.

Нұрдаулет Байтілес,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының

3 курс студенті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жазушы оқушылармен жүздесті
  • 2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?
  • Как в Алматинской области отметят самый большой праздник года?
  • Реформа налоговой системы в Казахстане: что изменится для бизнеса и граждан
  • Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында