Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде күнде 130 адамға ауызашар беріледі

    молда.JPG

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің ғұламаларының кеңесімен биылғы жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады деп  бекітілді.  Бұл туралы Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов баспасөз мәслихатында айтты. 

Айлардың сұлтаны - Рамазан айында Алматы облысында бірнеше игі бастамалар жүзеге асады. Қасиетті айда өңірдің аз қамтылған отбасылары үшін қайырымдылық шаралары қолға алынбақ. 

    «Алматы облысында қасиетті айда «Рамазан қоржыны» , «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Жомарт жұма» сынды қайырымдылық шаралары өтеді. Бұл бастамаға өңірдің әрбір тұрғыны өз үлесін қоса алады»,-дейді Мадияр Пірімқұлов. 

    Үш күннен кейін басталатын Рамазан айында облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Рамазан шатыры» құрылады. Мақсат- күн сайын 130 келушіге ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл үрдіс, облыстағы 105 Алла үйінде жалғасын табады. 

    Сауабы мол айда, бірқатар мешіттерде Құран хатым оқылады.

 Айта кетейік, биыл пітір садақа мөлшері  екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 655 теңге болып белгіленді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция –елдің дамуына жол ашады
  • В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева
  • Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде
  • «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды
  • Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі